Көк-Жайлау қорғауға сөзі

Анель Айбасова 

Аударған Айжан Бакишева

   

Бульдозердің аяусыз шынжыры таптаған
Табиғат-ана тас-талқан болды, айналам
Бензиннің иісі бұрқырап кетті бар маңда,
Қарай алмаспын селсоқ мен бұған.

Көне алмаймын мен бұған,
Бұл жерді шексіз сүйемін,
Жауыздар кірпік қақпайды,
Соған алаңдап мен
Түн ұйқымды мың бөлемін.

Қайдан шыққан «ақылгөй»
Көк Жайлауға сұқтанды?
Экология үшін алаңдасақ,
Бас қосып, бірігейік.
Аяулымызды талатпай,
Қаскөйлерге ҚАРСЫ ТҰРАЙЫҚ!
Бұл адам оңай олжаны
Жан тәнімен көксеген
Құдіретті сұлулыққа
Рақымсыз қолын тигізген

Ғасырлар бойы аялап,
Желдер оны саялап,
Ата-баба сақтаған
Жерді басты тәкаппар.

Жанқияр әрі қорғансыз
Жер ыңырсып жылады,
Еміс-еміс естілер
Жұбанышсыз
Маған мәлім қайғысы

Арам тапқан ақшамен,
Мұнаралы сараймен
Бұл қайғы еш өтелмес,
Ғасырлар бойы
Жарасы оның жазылмас.
Тағдыры оның аянышты.
Тегістеліп, тақырланған бүкір алыптар
Неліктен былай жәбірленді?
Шыдамды да жабыраңқы,
Жаратушы жасаған бұл асқақ тауларды.

Кең далада шарықтаған бүркіттер қайда?
Құздардағы жүйрік арқарлар қайда?
Тау әміршісі барыс-ирбистің
Беймәлім жаққа апарар іздері қайда?

Тянь-Шань шыршалары бой көтерген,
Бақсы әні шырқалған,
Енді мұнда зымырайды байлардың көлігі,
Естіледі мотордың дыбысы дөрекі.

Дауыл соғып, біздің биік таулардың
Ағаштарын құлатқан,
Адамдардың жүрегіне
Жара салып қақсатқан.

Құрғақшылық орналып,
Биік шырша жануда,
Адам қатыгездігінен
Табиғат зардап шегуде.

Кең байтақ жерім қайда
Жастық шағымда еркін жүгірген?!
Бұл бірегей таулар ғой!
Оларға деген сүйіспеншілік
Маған атамнан дарыған!

Ата-баба жері қопарылып,
Асфальтпенен қапталған,
Жыртқышпен емес, адаммен
Бөлшектеліп, жыртылған.
Барлық жерде «заңды» құрылыс.
Барлық жерде бетонды қабырға.
Қай төбеге кезек келді?
Өкілеттілер еш тоймайды.

Көк Жайлау — қасиетті жер!

Бұл не деген ақиқат масаңдаған?
Жалған әрекетін жасырған.
Жаңадан келгендер — кім олар?
Не үшін жауапты бұл малғұндар?!

Следите за нами YouTube RSS