Девальвация және мега-жобалар

Қазақстанда осы жылдың 11-ші ақпанында өткізілген теңгенің кезекті шокты девальвациясы көптеген сұрақтар тудырды…

Қазақстанда осы жылдың 11-ші ақпанында өткізілген теңгенің кезекті шокты девальвациясы көптеген сұрақтар тудырды. Экспорттық бейімдегі ел мұнай мен басқа да пайдалы қазбалар шығару шыңында өз валютасының бағамын қалай жоғалтады? Неге бұл, кезекті түрде, құпия әрі оқыс жасалады? Егер әңгіме жергілікті өндірісті импорт алдында қолдау жайында болса, девальвацияның маңызы бола еді, бірақ алдыңғы девальвацияның бүкіл кезеңінде, монетарлық билік экономиканы олардың пікірінше, «артық» теңгеден «тазартып болды», соның салдарынан банктер нақты сектордағы қисынды жобаларды несиелеу үшін теңгелік өтімділігінің тұрақты тапшылығын сезінуде, ал несиелер мөлшерлемелері саналы шектерден шығып кеткен. Бұл сұраққа біздің адал жауап аларымыз екіталай. Бірақ бұл ретте Көкжайлау қорығын салу жобасы сияқты орасан зор шығынды мега-жобалар үлкен рөл ойнағанын болжаған жөн.

Алматы әкімдігінің бұл күмәнді мәміле бойынша тікелей шығындарының жобалаушылар деректері бойынша 300-ден 500 млн. долларға дейін құрайтынын, ал Алматы қаласы бойынша Ұлттық саябақтың экологиялық және рекреациялық қызметтерден келетін шығынның тіпті есептелмегенін де еске салғымыз келеді. Және, Қоршаған ортаға әсерді бағалаумен қоса (ҚОӘБ), негізгі құжаттама жасалмағанына , ал ол жерлер «айрықша қорғалатындар» санатында екендігіне қарамастан, алматылық әкімдік тұрғын үй-сауық кешенін энергиямен жабдықтауын салу үшін 8 млрд. астам теңгеге тендер өткізеді. Жобадағы шипажайдың энергетикалық қажеттіліктері аса үлкен де емес. Шығындардың көп бөлігі бұрын күллі алматылықтарға тиесілі қорықтық жерлер құрылысшыларына сыйға берілетін болады. Бай қазақстандықтар үшін «таудағы ауыл» «шипажайдың» сайтында ілініп қойылған. Кедейліктен зардап шекпейтін құрылысшылар жер, сумен жабдықтау, жол және тағы басқалары үшін бір тиын да шығармайды – бәрі халық есебінен жасалатынын айта кету керек. Қазынаға деген мұндай қарым-қатынаспен девальвацияны жиілете өткізу қажет екендігі түсінікті – кейбір шенеуніктердің халыққа қарсы жоспарларына ешқандай экспорттық кірістер жетпейді.

2014 ж. 12-ші ақпан 

Дмитрий Жуков, Қазақстанға еңбегі сіңген қаржыгер, «Көкжайлауды қорғайық» қозғалысының өкілі (k-zh.kz).

Следите за нами YouTube RSS