Көк Жайлау тыңдаулары — саябақ па? Таушаңғы ма?

Отандастар! 25.02.14 Шымбулақ курортында Көк Жайляу Ұлттық саябағына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізілді, бұл тыңдаулар Алматы қаласының әкімшілігімен ұйымдастырылған, бас тақырыпта — Көк Жайляу Ұлттық саябақ жерлерін құрылыс салынатын, яғни таушаңғы курортын салынатын қосалқы жерлеріне кіргізу.

Өзіде гүлдемей жатқан Мемлекетімізде, көптеген шешілмеген халық, экономика, денсаулық, тұрмыс, ауыл шаруашылығы мәселелерге қарамай біздің шинеуніктер (чиновники), дәл Алматы қаласының әкімшілігі, халықтың қалтасынан 750 млн доллар алып, Заңмен қорғанатын Ұлттық саябақ жерлеріне, ҚР қызыл кітабіне еңгізілген Ақ барс, аю, түлкі, тасты куница, көк құс, тағы да басқа көптеген жануарлармен құстар тұратын жерлеріне, Алматы қаласының «өкпесіне» өйткені таулар және қала ауасын газдардан тазартып тұратын, таудағы 27 гектар таулы орманның орнына, бізге керек емес таушаңғы курортын саламыз деген ойларын білдіртіп, халықтың жағдайын жақсартамыз деген сөздер естідік. Иә, әрине туризм туризм деп мүмкін олардікі дұрыс шығар, бірақ ертен олардың айтуы бойынша, курортқа күніне 10 000 туристер келіп жатса, барлық әлемге Қазақстанның аты шығып жатса, біз қазақтар, алматылықтар шетел азаматтарына не көрсете аламыз?! біздің сасық лас автобустарымызда ма? қыйсық, тесік, жұлма жамау көшелерімізді? апы сопы үйлерімізді, біздің шаршаған, басы қатып жүрген халқымызды? газдан ашылмайтын сұр аспанымызды? Қоқым соқым арықтарымызды? көшедегі ласты ма? мақтаншақ ел болғанша — неге біз дені сау, ұрпақтарымыз қайратты, көшеміз әдемі ел бола алмаймыз сонда? Маған, менің балаларыма асфальт емес көк шөп, таза ауа, мөлдір су керек емес пе?! неге Алматы әкімшілігінң азаматтары осыны ойламайды? Миллион доллар тұратын курорт керек болса, ал бізде Шымбулақ пен Табаған бар, қыста үйіліп төгіліп жатқан, курортқа сыймай жатқан туристерді көрмейсің онда, бір барам десең адам басына жай күндер 7000 тг бағасы, бірақ Шымбулақтың таулы және экологиялық таза жерлеріне қарасаң — бай ма, шетел ме, біздікі ма? кім білсін — біз емес, әутеуір біреулердің добалдай добалдай коттедждері, хандарға арналған сияқты сарайлары, жан жағы қоршалған қарша, күзетшілер… Ал, елім жерім барда тегін, ем еркін демал деген осы…. өз жеріңде, өз мемлекетіңде жүріп аяқ басатын жер жоқ, өкінішке орай — сатылған. Енді Көк Жайляуға кірісіпті, түсінбеймін — біз патриотпыз деп айқайсалады, мемлекетке қызмет етеді, бірақ экологтардың айтуы бойынша, таушаңғыға арналған жасанды қарға жер астындағы қоймаларынан 326000 м3 су алынады, ол 10,8 миллион адам, яғни Қазақстанның 72 % тұрғындары іше алатын мөлдір, ешқандай қоспасыз таулы су. Кейбір Қазақстанның жерлерінде, ауылдарында, қайдағы ауыл, қалаларында ішетін су жоқ, бар болса уақытымен беріледі, мысалы Атырау облысы Құлсары қаласында сияқты, өз көзімен көріп, төрт ай іс сапарда болғанмын, таңғалдым! Менсіз ақ білесіздер, аулдарда суды немесе тіпті сатып алатын жағдайлар да көп. Қайран қиналған, қарап тұрған қазақтар!

Бұдан әрі, бұл Алматы қаласының әкімшілігімен ұйымдастырылған қоғамдық тыңдауларға мен әлеуметтік тордан соц сети жазылған хабарлама бойынша бардым, бірақ сол жердегі бірнеше Алматы қаласының белгілі экологтармен және құқықтанушылар айтуы бойынша-бұл тыңдаулар Заң бойынша дұрыс болмады, өйткені, біріншіден: қоғамдық тыңдаулар негізгі әрбір қатысам деген Қазақстан азаматтары үшін ұйымдастырылады, адам жететін, кәрі жасы баралатындай, қаланың бір ыңғайлы жерінде және, екіншіден жұмыс күндері емес (тыңдаулар сейсенбі күні болды) өткізілу керек екен. Өздеріңіз тұсінесіздер Шымбулаққа жеткені жетпегені кім. Тағы- әкімшіліктің өкілеттері айтуы бойынша Қазақстан қонақ үйінен, Достық даңғылынан сағат 8.30 Шымбулаққа жұретін тегін арнайы автобус бөлініп жүретін болған екен, мен және құрбым Әсел, және көптеген алматы тұрғындары әкімшілікке сеніп, 15 градус аязында тұрып қоғамдық тыңдауларға қалып қала жаздадық, 8.55те таксиге отырып, сағат 9.30 басталып жұріп жатқан тіркеуге асықтық. Бәріміз осындай көрсетіп отырған санасыздыққа ашуландық. Осыдан бір жеті бұрын біздің азаматтарымыз қоңырау шалу арқылы, хаттар арқылы Алматы қаласының Туризм Басқармасына Шымбулақта емес бұл тыңдауларды қаланың орталығына өткізейік деген пікірлерін, сұраныстарын білдірген екен, міне бізді ойлаған шинеуніктер, жарайсыздар!

Қоғамдық тыңдаулардың қалай өткенін қысқаша айтқанда, жүрегіміз ауырып, көңілдеріміз түсіп, әсіресе Алматы қаласының туризм басқармасының басшымына Жоламанов мырзаға, бұл кісі не эколог, не биолог, не туризм жолында жұрген адам емес,мен үшін бір жаңға сүйкімсіз, айқай салатын бір кісі екен, бір үлкен кісінің айтуы бойынша бұрыңғы « Алматы жер» мекеменің бастығы екен, оған адамдар ақ барс тұралы айтып жатса, ол «ой, өлмейді, басқа жақа кетіп қалады» деп қолын сілтей берді, экологтарға және жай қарапайым адамдарға Көк Жайлауды бізге, біздің болашақ ұрпақтарымызға қалдырыңыз, бұл тек қана сіздің, әкімшіліктің жері емес, барлық қазақстандықтардың жері, Референдум! Референдум ашыңдар деп шырылдап жатса, ол: «Сендер қараңдар батысқа, Австрияға, Германияға, Швецияға, Ресейге қараңыздар, Сочи» деп басын тартты, «сендер сияқты адамдар бола берсе, бұл мемлекеттер дамыған болар ма, екен» деп сөйледі. Бірақ, бауырлар! Қазақстанды, біздің бәрін қосқанда 70% шөл далаларымызды, далаларымызды, құмдарымызды Швециямен, Австриямен салыстуруға бола ма? Біздің екесе кішірек жерімізді Ресей мен теңістіруге тіл келе ме? Біздің көкпеңбек тауларымыз тек 10 % ғана, бәріне таушаңғы курортарын салып, асфальтпен басып, жануарларды ұйсіз қалдырып, өлтіріп, Қытайға, Қырғыздарға қаңғыртып, тек бай, экологиялық таза жерлерінде коттедждерін сала алатын азаматтарға арналған жерлер болса, мен сорлы және менің балапандарым үшін сонда Шаңырақ, Көк Қайнар сияқты қара топырақ, газ, түтін, у аймақтары қала ма? Өздері қымбат костюм киген, міңгендері лексус пен бентли, ал біз болсақ күнде «пробкамен» қиналып, газдарды искеп, демалыс күндерді аңсап,отбасымызбен Көк Жайляуға баратынымызды армандап, тегін көк орманның ортасында, таулардың ем суларынан ішіп, орыс қазақ, жас кәрі тауды ойласақ, бұлар жаман, халақтың жерін Ұлттық саябағынан шығару туралу заңдарды дайындап, өздерінше қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырып жүр. Сонда тек олар адам , ал мен кіммін?…

Көк Жайляу үшін дауыс беремін десеңіздер, ұрпақтарымызға ата- бабаларымыздан қалған жерлерді сақтаймыз десеңіздер, онда көрсетілген сайтқа кіріп дауыстарыңызды, қолдарыңызды қойыңыздар www. k-zh.kz  Қазақтар, Конституциямен берілген жақсы өмір сұру, таза ауаға, таза суға, денсаулыққа, болашаққа берілген азамат құқықтарыңізді білдіріңіздер.

 

Айгуль Туркпенбаева. 

 

 

Следите за нами YouTube RSS